Алға АОА медицина қызметкерлеріне арналған семинар
2020 жылдың 29 қаңтарында Алға аудандық ауруханасының медицина қызметкерлері арасында эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі Жумагуль Кузбакова және диспансерлік бөлімнің инфекционист дәрігері Зауре Нигметова АИТВ-жұқпасының алдын алу мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетті (ҰӘК).
ҰӘК барысында ЖИТС орталғының мамандары медицина қызметкерлерін авриялық жағдай болған кезде қатынастан кейінгі алдын алу шаралары туралы, перинаталдық АИТВ-жұқпасын болдырмау жөніндегі алдын алу іс-шараларының негіздері, эпидемиологиялық және клиникалық көрсеткіштері бойынша адамдарды АИТВ-жұқпасын болуына тексеруді жақсарту, жұқпаны ерте анықтау мақсатында медициналық ұйым пациенттерінің АИТВ-жұқпасының тексерілуін бақылау.
Сонымен қатар, семинарға дейін және одан кейін медицина қызметкерлеріне сауалнама жүргізілді.