Ақтөбе қаласының оқушыларымен кездесу

ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының педагогы М.Матаева Ақтөбе қаласының №61, 33, 40 және 50 орта мектептерінің оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу тақырыбы: «Жастар арасында АИТВ-жұқпасының алдын алу».
Кездесу мақсаты-оқушылардың АИТВ және ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттандырылуын арттыру, денсаулықты сақтау уәждемесін, оның ішінде қауіпсіз және жауапты мінез-құлықты қалыптастыру.
Педагог оқушыларға АИТВ-жұқпасы мен иммундық жүйе туралы, АИТВ мен ЖИТС-тің айырмашылығы, АИТВ-ның берілу жолдары мен алдын алу жолдары туралы айтып берді. Сонымен қатар бейнеролик көрсетіліп, ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.

