07
февраль 2020
Ақтөбе қаласының студенттерімен кездесу
Облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының эпидемиолог дәрігері А.Артыкбаева Экономико-кукыктык колледж студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу тақырыбы «Жастар арасында АИТВ-жұқпасының алдын алу».
Кездесуде эпидемиолог-дәрігері, АИТВ-жұқпасының жұғу жолдары мен алдын алу, сондай-ақ өңірдегі АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы туралы толық мәлімет берді.
Іс-шараның мақсаты студенттердің АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша білімін арттыру, өз денсаулығына жауапкершілікті арттыру.
Студенттер түрлі сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды. Кездесу барысында бейнеролик көрсетіліп, барлық қатысушыларға ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.