11
февраль 2020
Ақтөбе қ. короновирус бойынша семинар

Ағымдағы жылдың 10 ақпанында облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында бас дәрігердің орынбасары А.Каспирова қызметкерлерге «Коронавирустық жұқпасына (2019-nCoV), күдіктенген кезде медицина қызметкерлерінің тактикасы, әркект алгоритмі және жұқтырудың алдын алу шаралары» тақырыбына семинар өткізді.
Семинарда А.Каспирова 2019-nCoV жұқпасының эпидемиологиялық қадағалау бойынша уақытша Әдістемелік ұсыныстармен, коронавирустық жұқпасының жағдайын анықтау стандарттарымен және медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңдеріндегі шұғыл іс-шаралар алгоритмдерімен таныстырды.
Өз сөзінде А.Каспирова әлемдегі эпидемиологиялық жағдай, берілу жолдары, 2019-nCov кезіндегі медицина қызметкерлеріне арналған инфекциялық бақылау шаралары мен қағидалары, сондай-ақ короновирус ауруына күдікті пациентті анықтау кезінде медицина қызметкерінің тактикасы туралы толық айтып берді.

