Ақтөбе облысының әлеуметтік педагогтарына семинар
Облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының педагогы М.Матаева Ақтөбе облысының қалалық және аудандық мектептерінің әлеуметтік педагогтарына арналған семинар өткізді. Семинар «Жастар арасында АИТВ-жұқпасының алдын алу» тақырыбында ұйымдастырылды.
Педагог тыңдаушыларға АИТВ – жұқпасының Ақтөбе облысы бойынша эпмидемиологиялық жағдайы, АИТВ-жұқпсының берілу және алдын алу туралы айтып берді. Сонымен қатар әртүрлі аурулардың алдын алу және жалпы адам ағзасын нығайту мақсатында жастар үшін салауатты өмір салтының маңыздылығы, біздің қалада синтетикалық есірткінің пайда болуы, есірткінің зияндылығы және стигма мен оқшаулау туралы айтып берді.