17
февраль 2020
Шымкентте 2006 жылы АИТВ жұқтырған балалар туралы фильм түсірілді.
Фильмде қазіргі уақытта мазақтаусыз, түсініспеушіліксіз және қорлаусіз толыққанды өмір сүру құқығы үшін күресетін, екі науқас жасөспірім өз тарихын ашық айтты.
Еске салсақ; 2006 жылы Шымкенттегі бірнеше ауруханада қан құйылған 149 бала АИТВ жұқпасын жұқтырған болатын. Жүздеген ана мен балаларға қауіпті дертпен күресуге тура келді. Тіпті кейбір отбасыларында әкелері балаларын тастап кетсе, олардың туған туыстары ауру балалардан бас тартуды талап етіпті. Фильм кейіпкерлерінің бірі отбасынан безінген ер азамат туралы: «Ол бірден қан тапсырды да, өзінің таза екенін білген соң бізді тастап кетті» дейді Аяулым есімді қыздың анасы. Аяулым мен оның досы Бауыржан өздерінің аталмыш дертпен ауыратындығын жасырмай жария қылған. Балалар шағымданбайды және ешкімді айыптамайтынын айтқан. Олардың мақсаттары АИТВ жұқпасына қатысты қоғамның пікірі мен көзқарасын өзгерту. Өйткені көптеген жұқтырған балалар әлі күнге дейін мазақтаушылықпен кездеседі және психологтың көмегіне мұқтаж. Бауыржан мен Аяулымның арманы-Сан-Францискода өтетін АИТВ-ЖИТС тің халықаралық конференциясына қатысу.
Біз ол жерде боямасыз, нағыз көріністі сол қалпында көрсеткіміз келеді дейді жасөспірімдер. Ол балалар да өз армандарымен өмір сүріп жатыр, әлемді өзгерткілері келеді, білім алып өздері сияқты жастармен достық байланыстарын үзген емес. Мұндай кесапат қайталанбас үшін фильмде олардың отбасы және олардың бастарынан кешкен оқиғалар айтылған. SalemSocialMedia фильмін құрастырушылар осындай жауапкершілікті түсініп, оны көпшіліктің назарына ұсынды.