21
февраль 2020
Ақтөбе қаласындағы колония-қоныста жеке құрам мен сотталғандар үшін дәріс.
Ақпан айының 13 күні Облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің дәрігерлері Жайлаубаева Айжан мен Ердібекова Алия колония-қоныста сотталғандар мен жеке құрам үшін дәріс өткізді. Дәрістің мақсаты-сотталғандар арасында АИТВ туралы хабардарлықты арттыру. Дәріс барысында дәрігерлер АИТВ-жұқпасының ерекшеліктері, қауіп факторлары және оң статусымен сотталғандардан АРВ-терапияны алудың маңыздылығы туралы айтып, облыстағы эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды.
Дәріс соңында мамандар барлығына салауатты өмір салтын ұстануға және есірткі қолданбауға тілек білдірді.