М.Оспанов атындағы БҚ ММУ студенттер арасында «Жастар арасындағы АИТВ-жұқпасының алдын алу» акциясы
2020 жылы 20 ақпанда Ақтөбе облыстық ЖИТС ортылығының дәрігер-эпидемиологы Д.Уразалинованың қатысуымен М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің студенттері арасында «АИТВ жұқпасының алдын алу және оның таралу қарқынын төмендету» тақырыбында акция өтті. Шараны ұйымдастыруға KAZMSA ұйымының жастар қанатындағы еріктілер және медицина университеті Иммунология және микробиология кафедрасы қолдау көрсетті. ЖИТС орталығының маманы Ақтөбе облысы бойынша АИТВ жұқпасының эпидемиологиялық жағдай туралы, диагностика және емдеу мәселелері туралы толық мәлімет берді. Сонымен қатар ЖИТС орталығының сенім телефондары мен Достық кабинеті туралы ақпарат айтылды. Студенттер АИТВ-жұқпасы туралы, оның жұғу жолдары және алдын алу шаралыры туралы слайд дайындап, АИТВ туралы бейнероликтер көрсетті. Акцияның соңында студенттер Ақтөбе қаласының тұрғындар арасындағы өткізген АИТВ-жұқпасының сұрақтары бойынша сауалнама туралы бейнеролик көрстетті. Шара, медицина университетінің студенттерінің ұйымдастаруымен концерттік бағдарламамен аяқталды.