Адамдарға өзінің АИТВ статусын білген жөн.
Тестілеудің қажеттілігі туралы сауалнама: ⠀
Өзіңіздің қауіпсіздігіңізді бағалау үшін келесі сұрақтарға жауап беріңіз?:
-АИТВ жұқпасы көп таралған аймақта өмір сүріп жатқан жоқсыз ба ?
Секс ұсынушы қызметкерлердің қызметіне жүгініп көрдіңіз бе?
Сіз жыныстық қатынас арқылы берілетін жұқпалармен бұрын ауырып көрдіңіз бе?
Егер ер адам болсаңыз, ер адаммен мүшеқапсыз секс болды ма?
Нашақорлардың пайдаланған шприцтерін есірткі қолданған кезде қайталап пайдаланып көрдіңіз бе ?
Жоғарыда берілген сұрақтарға иә деп жауап бере алатын адамдармен мүшеқапсыз секс жасап көрдіңіз бе?
АИТВ жұқпасымен өмір сүріп жатқан адаммен және оның жұқпа деңгейін білмей тұрып мүшеқапсыз секс ⠀болды ма ?
Сіздің аяғыңыз ауыр ма немесе жүктілікті жоспарлап жүрген жоқсыз ба?
Осы сауалнама негізінде сіздің жауабыңыз иә деген болса, АИТВ бойынша тестік тексеруден өту ұсынылады.
Егер осы саулнамада берілген барлық сұрақтарға жоқ деген жазған болсаңыз, қауіп аз, дегенмен, өзіңіздің денсаулығыңызды анықтау үшін жылына бір рет АИТВ жұқпасына тест тапсыру ұсынылады.