29
апрель 2020
Аныз

Адамның иммун тапшылығы вирусы ашылғаннан бері көптеген уақыт өтті, сол кезден бастап БАҚ-та вирустың қасиеттері және оның ерекшеліктері туралы көптеген мақалалар жарық көрді, алайда адамдар арасында әлі күнге дейін АИТВ-жұқпасы туралы аңыздар бар, міне, олардың кейбірі:
№1 АИТВ тек есірткі тұтынушылар арасында беріледі. Әрине, олар басқалардан көп тәуекелге ұшырайды, бірақ қазіргі уақытта АИТВ – жыныстық жолмен жұғудың ең көп таралған жолдарының бірі (90% - дан астам). АИТВ анадан балаға жүктілік, босану кезінде, ана сүті арқылы және стерильді емес құралдар арқылы беріледі. Жұқтырудың жалғыз көзі АИТВ жұқтырған адам болып табылады.