03
июнь 2020
АНТЫНА АДАЛ ДӘРІГЕР

КЕРЕК.INFO газетінде, (№ 21 (689) 28 мамыр 2020ж. санында) Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының 1-ші дәрежелі эпидемиолог маманы, білікті дәрігер Самат Хабиұлы Мұртазин туралы мақала жарық көрді. Коронавирус инфекциясының алдын алу және таралу қаупін бәсеңдету мақсатында дәрігерлердің алғы шебінде болып, өз үлесін қосқан маман 13 жылдан бері ЖИТС орталығында қызмет атқарып келеді. Ол дәл бүгінгідей ел басына күн туған қиын шақтарда халықтың денсаулығы үшін аянбай еңбек ету өзінің дәрігерлік парызы деп есептейді. Мұндайда ол өзінің 30 жылға жуықтаған еңбек тәжірбиесін кеңінен пайдалана білді. Әріптестері де Самат Хабиұлының ерен еңбегін мақтан тұтады. Ол жедел штаб құрамында болып, өзге құзырлы орындарға індеттің таралу қаупі туралы нақты мәліметтер беріп отырды. Сондай-ақ ол індет таралған жерлерде болып, науқастарға және олармен байланыста болған адамдарға қажетті ақпараттар таратумен айналысты.
