05
июнь 2020
ЕРЕН ЕҢБЕК ҮЛГІСІ
Ақтөбе қаласында COVID-19 күрес шараларында уақытпен санаспай, еңбек еткен дәрігер-эпидемиолог Алтынай Артықбаеваның да ерекше еңбегін атап айтуға болады. М. Оспанов атындағы Мемлекеттік медицина академиясының түлегі ғылыми жұмыспен де шұғылданып жүрген ізденімпаз маман.Ол 2015 жылдан бастап Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінде дәрігер-эпидемиолог болып жемісті еңбек етуде. Алтынай Есетқызы сын сағаттарда қауіпті індеттің алдын алу жолында өзінің білімі мен жинаған іс-тәжірбиесін тиімді пайдалана білді. Ел игілігі үшін уақытпен санаспай, дамылсыз еңбек еткен, өз ісінің кәсіби маманы, көп балалы ана, дәрігер –эпидемиолог Алтынай Естетқызы көпшілік алғысына бөленіп үлгерді.