17
июнь 2020
Менде АИТВ-жұқпасы анықталды
Аурудың ағымы.
Қазіргі әлемде АИТВ-жұқпасымен өмір сүру қорқынышты емес. Дәрі-дәрмектерді күнделікті қабылдау ауруды бақылауға және сапалы ұзақ өмір сүруге көмектеседі. Әрине жұқпа туралы толық ақпаратты білмей тұра сараптамадан "АИТВ-жұқпасы оң" нәтижесін көріп, өзіңе және жақындарыңнын денсаулығына деген қорқыныш пайда болуы мүмкін. Біз Сізге созылмалы ауру АИТВ-жұқпасы туралы керек барлық ақпаратты айтып береміз.
АИТВ-адамның иммун тапшылығы вирусы. Ол иммундық жүйенің жасушаларын зақымдайды және ағзаны инфекциялар алдында осал етеді. Көбінесе адамдар АИТВ-жұқпасын жұқтырып алғанын бірнеше жылдан, кейде он жылдан кейін де біледі. Вирус ағзаға түскеннен кейін 2-4 аптадан соң алғашқы симптомдар пайда болады, олар көп ұзамай кетеді. Бұл тұмауға ұқсас (ыстық, тамақ, бас, буындар, бұлшықеттер ауырады) болуы мүмкін және шамамен екі аптаға созылады. Осы уақытта екінші адамға жұғу қаупі жоғары. Екінші апта ішінде лимфа түйіндері қолтық және мойында ұлғаюы мүмкін, бірақ басқанда ауырсыну сезілмейді. Ауызда, өңеште, жыныс органдарында жаралар пайда болуы мүмкін. Көптеген адамдарда дене қызуы көтерілгеннен 2-3 күннен кейін бет, мойын, кеуденің жоғарғы бөлігінде бөртпе пайда болып 5-8 күнге дейін сақталады.
АРВ терапиясын қабылдамған жағдайда иммундық жүйеге әдетте айтарлықтай зияны бірнеше жылдан кейін ғана тиеді. Содан кейін T-жасушаларының (лимфоциттер, иммундық жүйенің жасушалары) саны азаяды. Қалыпты жағдайда жасушалар 1 мкл 500-ден 1400-ге дейін болуы керек. Егер бұл сан 200-ден аз болса, онда ол адам жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) сатысында екендігін білдіреді. АИТВ-жұқпасының дамуы кезінде адамда жүрек айнуы, құсу, диарея, тәбеттің жоғалуы, салмақ жоғалту, құрғақ жөтел пайда болуы мүмкін. Егер Т-жасушалары кем болса, онда ол адамда оппортунистік инфекциялар пайда болады. Бұл сау иммундық жүйеде дамымайтын инфекциялар, себебі ол бастапқы кезеңде сәтті күреседі.