17
июнь 2020
Отбасылық жағдайы: бойдақ. АИТВ-мәртебесі: анықталмаған.
Соңғы жүргізілген әлеуметтік сауалнама бойынша тұрғындардың 50 пайызы АИТВ жұқпасынан сақтану үшін тексеруден өтіп тұру қажеттігін ескере бермейтіні белгілі болды. Олардың арасында еш уақытта АИТВ жұқпасын анықтау мақсатында қан тапсырып көрмеген адамдар да бар болып шықты. Ақтөбе облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының сайтында АИТВ мәртебесі жөнінде тұрғындар қаншалықты ақпараттарға қанық деген тақырыпта жасырын сауалнама жүргізілген еді.
-Соңғы рет АИТВ жұқпасы бойынша қашан тексеруден өттіңіз?,деген сауал барысында жауап берген сайт оқырмандарының 17 пайызы 3 ай бұрын десе , 18 пайызы бір жыл шамасын көрсеткен. Ал, 20 пайыз респонденттің жауабы ғана бір ай бұрын тексеруден өткендігін анықтайды.
Қазіргі кезде көпшіліктің АИТВ жұқпасы бойынша сауаттылығы төмен деп айтуға негіз бар. Өткені, көп адамдарда бей-берекет жыныстық қатынасқа түсетін болса, немесе есірткі құралдарын қолданушылар қатарына жатса ғана АИТВ жұқпасын жұқтырып алуы мүмкін деген пікір қалыптасқан. Өкішінке орай, бұл пікір көп жағдайда қате болып шығуы әбден мүмкін. Анығында, бір рет бейтаныс серіктеспен жыныстық қатынасқа түскен адамның өзінде аталмыш қауіпті жұқпа пайда болуы да ғажап емес. Бұл жерде сақтық шараларының ескерілмеуі басты себеп болып табылады.
Негізі жеке адам үшін өзінің АИТВ мәртебесін анықтау аса бір күрделі мәселе емес. Өзге де созылмалы дерттерді анықтау мақсатында тексеруден өту сияқты аталмыш жұқпадан сақтану үшін алдын ала арнайы сараптама жасатуға болады. Себебі: адам өзінің АИТВ мәртебесін білу арқылы үнемі дәрігер-маманның қадағалауында болып, оның тегін ем алуға мүмкіндігі бар. Анықталған ақпараттың көмегімен АИТВ жұқпасы бар адам өзінің туыстарын аталмыш дерттен сақтандыра алады
АИТВ жұқпасына шалдыққан адамның өмірін екі кезеңге бөліп қарастырамыз. Біріншісі: «АИТВ жұқпасына дейінгі өмір», екіншісі: «АИТВ жұқпасына шалдыққаннан кейінгі өмір салты». АИТВ анықталған адамдардың 80 пайызы аталшыш дертті мүшеқапсыз жыныстық қатынас кесірінен жұқтырып алған екен. Қоғамда кезкелген адам әртүрлі жағдайда АИТВ жұқтырып алуы мүмкін. Ол адамның өмір сүру салтына да қарамайды. Адамның жасы, отбасы жағдайы, тұрмыс деңгейі, әлеуметтік мәртесбесі бұл ретте ешқандай кепілдік бола алған емес. Иммунтапшылығына ұшыраған адамның тіпті салауатты өмір салтын ұстанатын отбасы, балалары болуы да мүмкін.АИТВ жұқпасынан ешкім де толық сақтандырылмаған.Соңғы тың мәлімететр бойынша АИТВ жұқпасымен өмір сүріп жатқан адамдардың 75 пайызының орташа жас шамасы 20-49 жас аралығында. АИТВ жұқпасын жұқтырып алған адамның сыртқы келбетінде ешқандай жұқпаның күдікті белгілері байқала қоймайды. Сыртқы белгілері байқалмаған соң, адам өзін жақсы сезініп, аталмыш жұқпаға шалдыққанын білмей, өзге жандарға таратып жүруі де ықтимал. Шын мәнінде, АИТВ жұқпасы бар екенін ашық айтатын адамдардан қаіптенудің қажеті жоқ, керісінше өз мәртебесін жасырып немесе оны білмейтіндерді, оған тестілеуден өтудің қажеті жоқ есептейтіндерден қорқу қажет, себебі олар "тәуекел тобына" жатпайды. Тіпті, өзінің АИТВ жұқпасымен өмір сүріп жатқандығын білмей, есесіне бұл жұқпаны бірнеше адамға таратып үлгеретін жағдайлар да кездескен. Сондықтан, әрбір адам жұқпаның нақты белгілері байқалмайтындығын ескеріп, үнемі тексеруден өтіп тұрғаны абзал. Көпшілік арасында «АИТВ жұқпасы анықталған» адам өзінің денсаулығында кінәрат барын білген соң, уайым-қайғыға салынып, өмірден түңіліп кетеді.
Өзін де өзгені де алдын-ала сақтандыру мақсатында мынандай қарапайым ғана ережелерді жадыда ұстау керек: Салауатты өмір салтын ұстану, өзінің денсаулығына жауапкершілікпен қарау, ерте жыныстық қатынастан аулақ болу, ерлі-зайыптылар арасында сенімділіктің қалыптасуы. Кездейсоқ жыныстық қарым-қатынас кезінде мүшеқап пайдалану шарт. Денеге әртүрлі таңбалар салатын сән салондарына барғанда, құлақ тестірген кезде залалсыздандырылған құралдарды пайдалануды қадағалау керек. Есірткі құралдарын пайдаланудан бас тарту сияқты алғы шарттар орындалған кезде, қауіп мейлінше сейіледі. Бұл талаптар мен ережелер сақталған кезде, АИТВ жұқпасынан сақтанып, оның таралу мүмкіндігін шектеуге болады. АИТВ жұқпасынан тексерілу үшін жергілікті емханаларға барып еш кедергісіз қан тапсыруға болады. Ол жерлерде тегін қызмет ұсынылады. Сондай-ақ Ақтөбе қаласы Жамбыл көшесіндегі 4 үйде орналасқан Обылыстық ЖИТС орталығында достық кабинетінің жұмыс істейтінін ескертеміз. Достық кабинетінде АИТВ жұқпасы жедел тәсілмен құпия түрде тестілеу әдісімен сараптама жасалады.
С. Муханбетжанова. Ақтөбе облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының әлеуметтанушысы