28
июль 2020
Менде АИТВ-жұқпасы анықталды . 2 бөлім

Сізде АИТВ – жұқпасына талдау оң нәтиже берді. Сіз үшін бұл нені білдіреді және Сіз не істей аласыз? АИТВ-жұқпасы - бұл ауру. Оны бақылау үшін белгілі бір ережелерді сақтау қажет. Бірақ Сіз әлі де жұмыс жасап оқи аласыз, достарыңызбен кездесіп, көңіл көтересіз, ғашық боласыз, өмірге қуанасыз.
Өмір сүру. Есіңізде болсын, АИТВ – бұл өмір аяқталды деген үкім емес, егер Сіз дер кезінде емдеуді бастасаңыз және дәрігерлердің бақылауында болсаңыз, көп жылдар бойы толыққанды және сау өмір сүресіз. Ұзақ өмір сүру. Жиырма және тіпті жиырма бес жыл бойы АИТВ-жұқтырған адамдар әлі күнге дейін толыққанды өмір сүреді. Ғалымдар дәрігерлермен бірлесіп АИТВ және ЖИТС емдеу әдістерін үнемі жетілдіріп отырады. Сондықтан жыл сайын ұзақ өмір сүруге көп мүмкіндігіңіз бар. Осы уақыт ішінде Сіз білім алуға, мансап жасауға, дені сау балаларды дүниеге әкеле аласыз және медицина ағзаңыздағы вирустан толықтай арылтатын күнге де жетуіңіз әбден мүмкін.
Қалыпты өмір сүру. АИТВ-ны бақылауға алып, денеңізге зиян тигізбеуге болады. Миллиондаған адамдар бронх демікпесі, гипертониясы, диабеті сияқты бақылауды қажет ететін аурулармен өмір сүреді. Сіз дәрменсіз емессіз. Денсаулығыңызды нығайтып, жаман әдеттерден арылуға, емдеу ережелерін мұқият орындауға және сол арқылы иммундық жүйеңізді АИТВ-мен күресуге көмектесе аласыз. Қанша уақыт өмір сүретініңіз Сізге байланысты. Өміріңіз әлі Сіздің қолыңызда. Асығыс шешім қабылдамаңыз. Мұны асықпай ойлануға тырысыңыз. Дұрысы, сенетін, пікірі Сіз үшін маңызды және әңгімеңіздің мазмұнын құпия ұстайтын адаммен сөйлесіңіз.
Егер Сіз кіммен сөйлесетіндігіңізді білмесеңіз, АИТВ-жұқпасына қатысты сұрақтар бойынша сенім телефонына (21 31 97) қоңырау шалыңыз. Сізге қажетсіз сұрақтар қоймайды, немесе пайдасыз кеңестер беріп мазаңызды алмайды. АИТВ туралы көбірек біліңіз. АИТВ-жұқпасына қатысты ақпаратты АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша ресми сайттардан және емдеуші дәрігерден біле аласыз.Сенімді көздерден ақпарат алып, оны талдаңыз.
Алшақтамаңыз. Өзіңізді қоғамнан оқшаулаудың қажеті жоқ. Сіз әлі де жалғыз емессіз. Сізді жақсы көретін және қажет ететін туған-туысқандарыңыз, жақындарыңыз және достарыңыз бар.
Сіз көмек сұрай алатын дәрігерлер бар. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды қолдау топтары мен қауымдастықтары бар, онда сіз достық көмек таба аласыз.