25
август 2020
ЖИТС ОО мамандарының ТВ-да сұхбат беру
Ақтөбе облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары: емдеу-алдын алу бөлімінің инфекционист дәрігері З.С. Нигметова және алдын алу бөлімінің эпидемиолог дәрігерлері А.Е. Артықбаева, Д.Г.Уразалинова жергілікті "РИКА ТВ" және "AQTOBE" телеарналарына сұхбат берді.
Сұхбат барысыныда ЖИТС ОО мамандары ағымдағы жылдың 7 айында, Ақтөбе облысындағы АИТВ-жұқпасының бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат бердіү. Сонымен қатар АИТВ-жұқпасының алдын алу бойынша карантин кезеңіндегі ЖИТС орталығының жұмысы туралы айтылды.
З.С.Нигметова айтуы бойынша: «Әр адам өзінің АИТВ мәртебесін тұрғылықты мекен жайы бойынша тіркелген емханада тегін тест тапсыру арқылы біле алады. Облыстық ЖИТС орталығындағы Достық кабинетінде АИТВ бойынша асқыну қаупі бар адамдар үшін анонимді және тегін тексеру жүргізіледі. Жұқпаны асқындырып алмау үшін, адамдар оның берілу жолдарын және өзінің АИТВ мәртебесін білу керек».