02
сентябрь 2020
«AQTOBE» телеарнасындағы таңғы бағдарламаға қатысу

Ақтөбе облысында АИТВ бойынша 100 мың тұрғынға шыққанда ауру көрсеткіші - 2, 5 (2019 ж-2,4) пайызды құрайды. Республика бойынша облыс АИТВ инфекциясының таралу деңгейі жөнінен төмен таралған аймаққа жатады. Қазіргі таңдағы індетке байланысты, карантиндік шаралармен қатар біздің орталық АИТВ/ЖИТС инфекциясының алдын - алу жұмысын жоспар бойынша жалғастыруда. ЖИТС орталығына тексеруге келген әрбір азамат анонимді және конфеденциалды түрде тексерістен өте алады. Орталықта Достық кабинеті жастар мен халықтың негізгі топтарына жұмыс істейді. Осы және өзге де мәліметтер туралы ЖИТС- орталығының эпилемиолог - дәрігері Алтынай Артықбаева AQTOBE телеарнасының "Қайырлы таң, Ақтөбе" бағдарламасында өткен сұхбат барысында әңгімелеп берді.