23
сентябрь 2020
ДОСТЫҚ КАБИНЕТІНЕ КЕЛІП, ТЕГІН ТЕКСЕРІЛ!
2020ж., 17 қыркүйегінде облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының эпидемиолог дәрігері Д.Г.Уразалинова, ЖИТС орталығындағы орналасқан достық кабинеті туралы, «Aqtobe» телеарнасының жаңалықтар бағдарламысында сұхбат берді.
«Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының Достық кабинеті халықтың негізгі топтарымен (ХНТ), 18-29 жас аралығындағы жастарға АИТВ жұқпасын алдын алу мақсатында медициналық көмек көрсетеді. Осы кабинетте АИТВ-ға және жыныстық жолмен берілетін барлық инфекцияларға (ЖЖБИ) тексерілуге болады. Сонымен қатар орталықтың мамандарынан: гинеколог, дерматовенеролог және психолог мамандарынан кеңес алуға болады»,- деді, Д.Г.Уразалинова өзінің сұхбатында.