16
октябрь 2020
Дәрігер кеңесі

АИТВ мәртебесін білген адам ЖИТС орталығында тегін емделуге мүмкіндік алады. АИТВ жұқпасымен өмір сүретін адамдарға антиретровирусты ем тағайындалады. 6 ай ем алғасын тиімділікке қол жетеді. Вирустық жүктеме анықталмайтын деңгейге дейін төмендейді. Егер АИТВ жұқпасының бастапқы сатысында ем басталса, 3-ші, 4-ші ЖИТС- сатысы болмайды. ЖИТС орталығының дәрігер - инфекционисті Зауре Нигметова Рика және Aqtobe телеарналары тілшілеріне АИТВ жұқпасы бойынша тағайындалатын емдік шаралар туралы мәлімет берді.