21
октябрь 2020
Залалсыздандыру

Иммун тапшылығы қоздырғышы кез-келген химиялық жуғыш затқа өте сезімтал. Түрлі заттардың үстіндегі микроорганизмді жоюға арналған керемет зат-натрий гипохлоритінің 0,5% ерітіндісі. Осы ерітіндімен байланыста болған кезде АИТВ бірден өледі. Этил спиртінің 70% ерітіндісі қоздырғышты 60 секунд ішінде жояды. Сондықтан, өзгенің ұстарасын қолданар алдында екі минуттай оны спиртпен залалсыздандырған дұрыс. Мүмкіндігінше біреудің затын пайдалануды әдетке айналдырмаған жөн.
АИТВ-жұқпасының ағзадан тыс өмірі тұрақсыз екендігін туралы біле отырып, АИТВ-мен өмір сүретін адаммен байланысқа түскенде жұқтырып алу қаупіне алаңдамауға болады. Жыныстық қатынас мәдениеті, гигиеналық нормалар сақталып және мүшеқап қолданылса жұқпаны жұқтыру ықтималдығы едәуір төмендейді.