22
октябрь 2020
1989 жылдан бері облыста 552 АИТВ жұқпасын жұқтырғандар тіркелген, оның ішінде 451 адам ҚР азаматтары.

Жасырын түрде АИТВ жұқтырған 24 адам анықталды. Ақтөбе облысы АИТВ-жұқпасының таралуы бойынша салыстырмалы түрде төмен өңірлерге жатады (ҚР бойынша 14-ші орын). Облыста 100 мың тұрғынға шаққанда АИТВ жұқпасының таралу көрсеткіші 36,9 жағдайды құрайды. Жас аралығы бойынша көп тіркелген 30-39 жастағы адамдар, ер азаматтар -275(60,9%), әйел азаматтар -176 (39%), жұмыс жасайтындар -165(37%), жыныстық қатынас арқылы 299 (66.2% ) адам.
Ағымдағы жылдың 9 айында облыста 41 адам тіркелген, оның 37-сі ҚР азаматтары. Ерлер-21, әйелдер-16, жыныстық қатынас арқылы - 35, парентериалды жолмен - 5 адам тіркелген.