27
октябрь 2020
Оппортунистік ауруларды емдеуге арналған дәрілер

1. Оппортунистік аурулар-иммундық жүйенің әлсіреуімен АИТВ-инфекциясының кейінгі кезеңдерінде пайда болуы мүмкін аурулар. ОлардыңкейбіреулеріАИТВ-инфекциясыкезіндеғанадамиды, басқаларыАИТВ-менбіргеасаауыр, өміргеқауіптітүргеиеболады.
2. Оппортунистік инфекциялардың дамуын болдырмауға арналған дәрілер (алдын алуға арналған препараттар – превентивті терапия).
АИТВ-инфекциясы бар науқастардағы қайталама аурулардың химиопрофилактикасы (превентивті терапия) эпидемиологиялық, клиникалық және иммунологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Оппортунистік инфекциялардың дамуын болдырмау үшін профилактикалық емдеу негізінен микробқа қарсы препараттармен тағайындалады. Мұндай дәрі-дәрмектер иммун тапшылығы вирусының өзіне әсер етпейді. Олар тек оппортунистік инфекциялардың дамуын болдырмауға қызмет етеді.
АИТВ жұқтырған науқасқа емді ЖИТС сатысы басталмай тұрып тағайындайды. Ауруға немесе дәрігерге көрінетін аурудың белгілері болмаса да, АИТВ ағзаға белсенді әсер етеді. Сондықтан, уақтылы басталған емдеу адамның денсаулығын ұзақ жақсы сезінуге көмектеседі, оппортунистік инфекциялар мен ісік ауруларының дамуына жол бермейді.