28
октябрь 2020
АИТВ-инфекциясының даму сатылары

Инфекция жұқтырылған сәтінен бастап аурудың клиникалық көріністері пайда болғанға дейінгі кезең. Бұл 2 аптадан 6 айға дейін созылады.Бұл кезеңде вирусті тіпті тестілеуде де анықтай алмауы мүмкін, бірақ АИТВ инфекциясын жұқтырған адам басқа адамдарға жұқтыруы мүмкін.
«Бастапқы белгілер» кезеңі
Бұл кезең симптомсыз өтуі мүмкін немесе дене қызуы, лимфа түйіндерінің ұлғаюы,стоматит, дақталған бөртпе, фарингит, диарея, көкбауырдың ұлғаюы, кейде энцефалит құбылыстары кездесуі мүмкін.Бұл әдетте бірнеше күннен 2 айға дейін созылады.Бұл әдетте бірнеше күннен 2 айға дейін созылады.
Латентті кезең
Ауру өзін көрсетпеуі мүмкін, бірақ АИТВ көбеюін жалғастыруда(қандағы АИТВ концентрациясы артады), және дене Т-лимфоциттердің қажетті санын шығара алмайды (қорғаныс жасушалары)-олардың саны баяу төмендейді.Жасырын кезең 2-3 жылдан 20 жылға дейін немесе одан да көп уақытқа созылуы мүмкін, орташа есеппен – 6-7 жыл.
Екінші қайталама кезеңі
Қандағы вирус концентрациясының белсенді жоғарылауы және Т-лимфоциттердің төмендеуі есебінен,науқаста әртүрлі оппортунистік аурулар пайда бола бастайды(бұл иммунитеттің төмендеуі әсерінен әртүрлі бактериялар, вирустар мен грибоктар тудыратын аурулар),Т-лимфоциттер санының тез төмендеуіне байланысты иммундық жүйе енді қарсы тұра алмайды.
Терминалды кезең (СПИД)
АИТВ-инфекциясының соңғы сатысы. Қорғаушы жасушалардың саны (т лимфоциттері) өте аз мөлшерге жетеді. Иммундық жүйе енді инфекцияларға қарсы тұра алмайды және олар ағзаны тез әлсіретеді. Вирустар мен бактериялар өмірлік маңызды мүшелерге, соның ішінде тірек-қимыл жүйесіне, тыныс алу жүйесіне, ас қорытуға, миға әсер етеді. Адам қайтымсыз сипатқа ие оппортунистік аурулардан қайтыс болады. ЖИТС кезеңі 1 жылдан 3 жылға дейін созылады.