28
октябрь 2020
АИТВ-инфекциясының ағымы және болжамы
Адам АИТВ-инфекциясы немесе ЖИТС бар екенін білгенде, жие қойылатын бірінші сұрақтар, ол: менің қанша өмір сүруім қалды? Менде ауру қалай өтеді?
Себебі АИТВ және ЖИТС әр адамда әр түрлі өтеді, бұл сұрақтарға нақты жауап беру мүмкін емес. Бірақ кейбір жалпы ақпаратты бөліп көрсетуге болады.
АИТВ-жұқпасы бар және ЖИТС-пен ауыратын адамдар бұрынғы күндерге қарағанда әлдеқайда ұзақ өмір сүре бастады.
АИТВ мен ЖИТС-ті емдеу қазіргі таңда жақсы нәтиже көрсетіп отыр. Емдеу аясында АИТВ–инфекциясымен өмір сүретін адамдар ұзақ уақыт бойы өздерін сау сезінеді, ал ЖИТС сатысындағы ауыратын науқастар алдыңғы жылдармен салыстырғанда ұзақ өмір сүреді, аурудың белгілері азайып, ол әлдеқайда жеңіл өтеді.
Эпидемияның басында (1981-1986) ЖИТС науқастарда вирус жұқтырғаннан кейін орта есеппен 7 жылдан кейін дамып, осыдан кейін адам шамамен 8-12 ай өмір сүре алған. 1996 жылы біріктірілген ретровирусқа қарсы терапия қолданылғаннан кейін, АИТВ және ЖИТС пен өмір сүретін адамдардың өмірі ұзаққа созылды. ЖИТС сатысындағы кейбір адамдар 10 жыл немесе одан да ұзақ өмір сүре алады.
Біріншіден, мұндай прогресті вирустың өзіне әсер ететін дәрілер - антиретровирустық препараттар қамтамасыз етеді.
Біріктірілген терапия көмегімен АИТВ-инфекциясы кезінде өлімнің тікелей себебі болып табылатын көптеген оппортунистік инфекциялардың дамуына жол бермеуге байланысты өмір ұзартылады.
Емдеудің жаңа әдістерін іздеу жалғасуда. Жақында осы инфекциясымен күресуде тиімді дәрі-дәрмектер табылатынына күмән жоқ.