28
октябрь 2020
АИТВ-мен толыққанды өмір сүру

Егер Сіз АРВ-препараттарын қабылдап, өз денсаулығыңыз бен амандығыңызға қамқорлық жасайтын болсаңыз, АИТВ-мен өмір сүру ұзақ және толыққанды болуы мүмкін.
Бүгінгі таңда АИТВ-бұл қант диабеті немесе гипертония сияқты қарапайым созылмалы ауру, оны дәрі-дәрмектермен бақылауға болады. Егер Сіз емдеуді диагноз қойылғаннан кейін уақытында бастасаңыз, Сіз АИТВ жоқ басқа адамдар сияқты өмір сүре аласыз. Қарым-қатынастарыңызды жалғастырып, жұмыс жасай аласыз немесе оқи аласыз, болашаққа жоспар құрып, отбасын құра аласыз. Басқаша айтқанда, Сіз АИТВ-сыз не істесеңіз де, бәрі АИТВ-мен мүмкін.