02
ноябрь 2020
АИТВ-жұқпасының берілу жолдары
АИТВ тек вирус бар сұйықтықтар ағзаға енген кезде ғана беріледі. Адам ағзасында АИТВ-инфекциясының берілетін төрт сұйықтық бар: қан, сперма, қынаптық сұйықтық, ана сүті. Вирустың едәуір концентрациясы бар сұйықтықтың белгілі бір мөлшері ағзаға еніп, вирустың тікелей қанға ену мүмкіндігі болған жағдайда ғана беріледі. АИТВ-инфекциясының берілу тек үш жолы бар: жыныстық, қан арқылы және АИТВ-оң анадан балаға.