04
ноябрь 2020
Қатынастан кейінгі алдын алуды (ҚКАА) кім қабылдай алады?
ҚКАА алдыңғы 3 күнде АИТВ-мен байланыста мүмкін болған адамдарға арналған. Сіз ҚДАА қабылдауды бастауыңыз керек, егер:
·сіз АИТВ жұқтырған адаммен жыныстық қатынас кезіндемүшеқап жыртылған болса немесе мүшеқапты қолданбасаңыз;
·сіз жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырасаңыз;
·сіз АИТВ жұқтыруы мүмкін адаммен бірге инелерді немесе басқа инъекциялық жабдықты (мақта, қасық, су) пайдалансаңыз.
Егер алдыңғы 3 күнде сіз АИТВ-мен байланыста болсаңыз және ҚКАА алғыңыз келсе, тұрғылықты жеріңіз бойынша инфекционист дәрігерге немесе ЖИТС орталығына хабарласыңыз. Дер кезінде жолыққаныңыз дұрыс. ҚКАА қабылдауды неғұрлым ертерек бастасаңыз, соғұрлым тиімді болады.