04
ноябрь 2020
Қатынастан кейінгі алдын алу қалай қабылданады?
Қатынастан кейнгі алдын алу (ҚКАА) -бұл бір дәрі емес, бірнеше апта бойы қабылданатын дәрі-дәрмектердің курсы. Егер дәрігер сізге ҚКАА тағайындаса, онда дәрі-дәрмектерді күніне 1-2 рет кем дегенде 28 күн (4 апта) қабылдау керек. Әр дәріні нұсқауларға сәйкес қатаң қабылдау керек және оларды қабылдауды жіберіп алмау керек, әйтпесе ҚКАА тиімділігі төмендейді.
Қатынасқа дейінгі алдын алуға қарағанда ҚКАА инфекцияның 100% - ға алдын алмайды және болашақта жұқтыру ықтималдығын ескертпейді. Сондықтан, ҚДАА қабылдаған кезде Сіз өзіңізді және басқаларды АИТВ жұқтырудан қорғауыңыз керек. Әр жыныстық қатынас кезінде мүшеқап қолданыңыз. Егер Сіз инъекциялық есірткіні тұтынатын болсаңыз, қолданылған инелер мен инъекциялық жабдықты пайдаланбаңыз. Бұл сізге АИТВ-ның алдын алуға көмектеседі. Сондай-ақ, егер Сіз АИТВ- жұқтырған болсаңыз, АИТВ-ның басқа адамдарға берілу мүмкіндігін азайтады.
Егер ҚДАА қабылдаған кезде қызба немесе бөртпе сияқты белгілер пайда болса, емдеуші дәрігерге қаралыңыз. Бұл белгілер АИТВ-ның бастапқы кезеңінің белгілері болуы мүмкін.