09
ноябрь 2020
АИТВ-инфекциясының анасынан баласына берілу жолы
Адамның иммун тапшылығы вирусы анасынан баласына үш негізгі жолмен беріледі:
·жүктілік кезінде плацента арқылы, бұл әсіресе плацентаның қартаюы және оның өткізу қабілеті жоғарылаған кезде маңызды болады;
·босану кезінде нәресте жұқтырған ананың қанымен байланыста болады (Вирустың берілу қаупі амниотикалық сұйықтықтың мерзімінен бұрын құйылуы кезінде сағат сайын 2% - ға, босану каналын құрайтын тіндердің жыртылуымен артады);
·ана сүтімен табиғи емізу кезінде, өйткені емшек сүтінде вирустың үлкен концентрациясы бар