09
ноябрь 2020
Жүкті әйелдерді АИТВ-инфекциясына тексеру
Біздің елімізде жүкті әйелдерді ҚР ДСМ бекітілген бұйрықтары бойынша АИТВ-ға тексеру ережелеріне сәйкес адамның иммун тапшылығы вирусының болуына тексереді. Барлық жүкті әйелдерге талдау екі рет жүргізіледі: бірінші рет - 109,1 коды бойынша әйелдер консультациясында (ӘК) жүктілігі бойынша есепке қою кезінде, екінші рет – 109,2 коды бойынша 28-30 апта мерзімінде. 109,4 коды бойынша жүктілікті үзген кезде. Сондай-ақ ӘК есепке қою кезінде жыныстық серіктесін тексеруден өткізеді. Егер әйел 2 рет тексерілмесе, жүкті әйелдің жыныстық серіктесінде АИТВ-жұқпасы болса немесе әйелдің өзі қауіпті топтқа жатса, онда босану немесе ауруханаға жатқызу үшін медициналық мекемеге түскеннен кейін қосымша талдау экспресс-әдіспен, кейіннен ИФТ әдісімен өткізіледі.