11
ноябрь 2020
А=Б (Анықталмаған=Берілмейді) деген не?
А = Б келесіні білдіреді:
Анықталмаған = берілмейді
Бұл дегеніміз, АИТВ позитивті адам АРТ препараттарын қабылдап вирустық жүктемесін анықталмайтын жағдайға дейін түсірсе қорғалмаған(презерватив немесе қатынасқа дейінгі алдын алу болмаса) жыныстық қатынас кезінде да АИТВ-ны жұқтырмайды.
АРТ ұсынған бұл қорғаныс келесі жағдайларға тікелей байланысты:
АРТ препараттарын күнделікті қабылдау.
Дәрі-дәрмектерді күнделікті қабылдауды жалғастыру.
Неліктен А=Б қаупі жоқ?
Қысқаша айтқанда, АИТВ-ның анықталмайтын вирустық жүктемесі дене сұйықтықтарында АИТВ-ны жұқтыру үшін тым аз екенін білдіреді.
АИТВ-ның жыныстық жолмен берілу қаупі вирустық жүктемемен байланысты, ал анықталмаушылық бұл қауіпті нөлге дейін төмендетеді.
А = Б АИТВ-ға арналған барлық препараттарға қолданылады ма?
Иә. А=Б вирустық жүктемені анықталмайтын деңгейге дейін төмендететін кез келген АРВ препараттары жарамды.