Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында өткізілген баспасөз-конференциясы
16 қарашада Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқанына арналған «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» тақырыбына баспасөз конференциясын өткізді.
Баспасөз конференциясында бас дәрігердің орынбасары А. А. Каспирова және алдын алу бөлімінің меңгерушісі А. А. Жайлаубаева баяндама жасады.
Жыл сайын бүкіл әлемде 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні атап өтіледі. Биыл елімізде ол 16-24 қараша аралығында жалғасады. ЖИТС ОО науқаны кезінде профилактикалық іс-шараларды Он-лайн форматта өткізуді жоспарлап отыр. Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының "Instagram" әлеуметтік желісінің ресми парақшасында жазылушылар арасында "АИТВ туралы" және үкіметтік емес ұйымдар арасында "Алғашқы қадам жаса" тақырыбында "челлендж" жоспарланған.
2020 жылдың 1 қарашасына Ақтөбе облысында 1989 жылдан бастап АИТВ-жұқпасымен барлығы 457 адам тіркелген. Біздің облыс салыстырмалы түрде төмен өңірлерге жатады және еліміз бойынша 14 орында. Облыста анықталғандардың ішінде 30 жастан 39 жасқа дейінгі адамдар - 35%, ерлер - 61%, АИТВ - ның жыныстық жолмен берілуі-67% құрайды.
Өзіне сенімді болу және өз денсаулығына қамқорлық жасау үшін әрбір адам өзінің АИТВ-статусын білуі тиіс. Мінез-құлықтағы қауіп факторлары мен клиникалық көрсеткіштер болмаса да, АИТВ-ға ерікті, жасырын немесе құпия түрде тест тапсыруға шешім қабылдауға болады. АИТВ-статусын білу-өзіне және өзінің жақындарына жауапты болу деген сөз!