«Я за профилактику» челленджі. Теміржан Кундолов "Сенім-Тірек" ҚБ
АИТВ пандемиясы халықтың барлық топтарына әсер етті. АИТВ-ның алғашқы жағдайлары тіркелген сәттен бастап 35 жылдан астам уақыт өтті. Содан бері 78 миллион адам АИТВ жұқтырды, ал 35 миллион адам ЖҚТБ-пен байланысты аурулардан қайтыс болды. "Сенім-Тірек" қоғамдық бірлестігінің мақсаттарының бірі халықтың АИТВ-ға қатысты негізгі топтарының арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу болып табылады. Мен, Теміржан Кундолов, "Сенім-Тірек" ҚБ басшысы ретінде, АИТВ-инфекциясының жаһандық пандемиясымен күресте барлығын АИТВ-ның алдын алуға өз үлесін қосуға және оны өзімнен бастауға шақырамын. Ынтымақтастықта болу, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау және мейірімділікпен әрекет ету, халықтың негізгі топтарын және АИТВ тікелей немесе жанама әсер еткен адамдарды кемсітпеу. АИТВ-жұқпасының пандемиясын тоқтату үшін стигма мен кемсітушілікті жою, адамдарды назарға алу және біздің жауап әрекетімізді адам құқықтарын сақтау мен гендерлік бағдарланған тәсілдерге негіздеу қажет.