23
ноябрь 2020
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында студенттермен өткізілген онлайн-кездесу
20 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында Ақтөбе ЖИТС ОО алдын алу бөлімінің меңгерушісі А.Жайлаубаева қала және аудандар колледждерінің студенттері үшін онлайн кездесу өткізді. Кездесуге 5 колледж студенттері қатысты. Кездесу барысында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша толық ақпарат берілді. Спикер қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, барлық сұрақтарға жауап берді. Науқан кезінде осындай онлайн іс-шаралар 25 білім беру мекемесінде өткізілді.