25
ноябрь 2020
20 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында ЖИТС
ОО алдын алу бөлімінің әлеуметтанушысы С. Мұханбетжанова Облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп интернаты оқушыларына zoom форматында онлайн кездесу өткізді. Кездесу барысында АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, алдын алу шаралары туралы толық ақпарат берілді. Спикер қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, барлық сұрақтарға жауап берді. Барлығы 22 оқушы қатысты.