ЖИТС ОО медбикелеріне арналған семинар
2020 жылғы 9 қарашада ЖИТС ОО-ның аға медбикесі Сапарғалиева Қ.Ж. медбикелерге МӘМС, ТМККК тақырыбында семинар өткізді. Дәріскер семинарға қатысушыларды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (ТМККК) қызметтер туралы пакетімен таныстырды. ТМККК жаңа моделіне сәйкес тегін қызметтер тізбесіне әлеуметтік мәні бар аурулар және динамикалық байқауды талап ететін негізгі созылмалы аурулар кезінде консультациялық-диагностикалық көмек (бейінді мамандардың қарауы, скрининг) және амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету (ҚР ДСМ 2017 жылғы 29 тамыздағы №666 бұйрығы) кіреді, оған адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауру да кіреді.