30
ноябрь 2020
АИТВ-инфекциясының бар немесе жоқтығын тек арнайы қан анализі (тест) арқылы анықтауға болады.
Оның мақсаты - ағзаның вируспен күресу үшін шығарған қорғаныс жасушаларын (антиденелерін) анықтау. АИТВ-ға антиденелерді инфекциядан кейін шамамен үш айдан кейін анықтауға болады.
Инфекциядан антидене түзілуіне дейінгі уақыт ұзақтығы терезе кезеңі деп аталады. Егер сіз осы уақытта тест тапсырсаңыз, денеде вирус болғанына қарамастан, оның нәтижесі теріс болады. Нәтижені растау және диагноз қою үшін екінші тексеру қажет. «Терезе кезеңі» кезінде вирустың басқа адамға жұғуы мүмкін.

