02
декабрь 2020
1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні
2020 жылы Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні - бұл жаһандық ынтымақтастыққа және ортақ жауапкершілікке шақыру, сонымен қатар COVID-19-қа жедел шара қолданумен бірге АИТВ-ның алдын-алу және оны басқару жөніндегі қызметтерді қолдау.
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес бүкіл әлемдегі адамдарды АИТВ және ЖИТС туралы хабардар ету және пандемия жағдайында халықаралық ынтымақтастықты көрсету үшін біріктіруді көздейді.
Жаһандық ынтымақтастық пен ортақ жауапкершілік бізден ғаламдық денсаулыққа, соның ішінде АИТВ-ға жауап қайтаруды қайта қарауды талап етеді. АИТВ-инфекциясының таралуын тоқтату үшін стигма мен кемсітушілікті жою қажет, қоғамдық белсенділік пен ынтымақтастық АИТВ-дан зардап шеккен адамдарды ақпаратпен, қызметтермен, әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етудің кепілі болуы керек, дейді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының директоры Бауыржан Байсеркин.