02
декабрь 2020
Волонтерлермен кездесу
27 қарашада Облыстық жастар ресурстық орталығында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында ЖИТС ОО профилактикалық бөлімінің педагогы М.Матаева волонтерлер үшін кездесу өткізді. Кездесу барысында АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу іс-шаралары бойынша толық ақпарат берілді. Спикер қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, барлық сұрақтарға жауап берді. Барлығы 7 волонтер қатысты.