АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу. 2 бөлім.
1. Дәрілік алдын-алу. Қандағы вирустың концентрациясын төмендету және баланың инфекциясын болдырмау үшін жүкті әйелге АИТВ-инфекциясын емдеуге қолданылатын дәрі-дәрмектер курсы тағайындалады. Антиретровирустық препараттар әйелге босану кезінде (тамырішілік) және жаңа туған нәрестеге (сироп түрінде) беріледі. Дәрі-дәрмектің уақтылы басталуы жүкті әйелдің қанындағы вирус мөлшерін анықталмайтын дәрежеде азайтуға және нәрестенің инфекциясын болдырмауға мүмкіндік береді.
Антиретровирустық препараттар (АРВ) әйелге жүктіліктің 24-27 аптасынан кешіктірілмей тағайындалады (егер әйелде үздіксіз антиретровирустық терапия тағайындауға көрсеткіштер болмаса).
2. Кесар тілігі (Кесарево сечение). Егер қандай-да бір себептермен антиретровирустық препараттармен профилактика жүргізілмесе немесе нәтижесіз болса, онда АИТВ-мен өмір сүретін әйелдерге жоспарлы кесар тілігі ұсынылады. Бұл операция табиғи босану кезінде қанмен қосымша байланыста болудан сақтауға және нәрестені жұқтыру ықтималдығын азайтуға мүмкіндік береді.
Маңызды! Кесар тілігі қажет екендігі туралы соңғы шешімді акушер-гинеколог жүкті әйелдің денсаулығының жағдайын ескере отырып жеке қабылдайды.
3. Бала емізуден бас тарту. Баланы ана сүті арқылы АИТВ-инфекциясынан қорғау үшін анасы тек жасанды тамақтандыруды қолдану қажет. Ана сүтін алмастыратын жасанды тамақтандыру қазіргі кезде нәрестенің қажеттіліктеріне толығымен бейімделген және керемет өсу мен дамуға кепілдік береді.