АИТВ-позитивті аналардан туылған балаларды тексеру

Бала туылғаннан кейін 1,5 жыл бойы ЖИТС орталығының дәрігерінің бақылауында болады. Ана әрқашан антиденелерін балаға береді (организм кез-келген инфекцияға жауап ретінде жасушалары), олар адамның иммунитет тапшылығы вирусынан айырмашылығы мөлшерінің әлдеқайда аздығы және плацентарлы тосқауылдан өте алады. Бірақ антиденелер АИТВ инфекциясын тудыруы мүмкін емес. АИТВ-позитивті аналардан туылған барлық нәрестелер туылғаннан кейін бірден қанның әдеттегі анализі арқылы АИТВ антиденелеріне оң нәтиже береді, өйткені барлық нәрестелерде аналық антиденелер болады. Балада анасының антиденелері 18 айға дейін сақталады.
АИТВ-позитивті аналардан туылған балаларда 18 айға дейін АИТВ-инфекциясын диагностикалау үшін АИТВ ДНҚ-ны анықтау үшін биоматериалды зерттеу ПТР әдісі арқылы жүргізіледі. Бір айдан аспаған нәрестеден екі бөлек қан үлгілерінде АИТВ ДНҚ-сы немесе ВИЧ-РНҚ-ға оң нәтиже алу АИВ-инфекциясы диагнозының зертханалық растамасы болып табылады. ПТР арқылы АИТВ-ның ДНҚ-сынамасының туғаннан бастап 48 сағат ішінде, 6 аптада және клиникалық көріністер болмаса 9 айда және ИФТ әдісімен 18 айда (егер ана сүтімен емізбесе) төрт теріс нәтижелерін алу балада АИТВ-инфекциясының жоқтығын растайды. Кейін бала диспансерлік тіркеуден алынады.