Егер жақын адамыңызда АИТВ болса
Адамға өз диагнозын қабылдау үшін уақыт қажет. Мүмкін алдымен ол диагноз туралы ешкімге айтпайды, бірақ уақыт өте келе ол сенетін адамына ашылады. Кейде АИТВ-жұқтырған адам ең жақын адамға басынан бастап ашылады (көбінесе бұл анасы немесе әкесі немесе екеуі де). Оған қолдау қажет, яғни сіздің шын ықыласпен тыңдап, түсінуге тырысуыңыз, сіздің бар екеніңізді және әрдайым көмектесуге дайын екеніңізді көрсету, айыптамау, кінәлілерді іздемеу, сізден өзі сұрамаса кеңес бермеу, өкінбеу, сіздің өміріңізді бақылауға алмаңыз.
Сіздің қолдауыңыз әсіресе келесі жағдайларда қажет: алғашқы белгілердің пайда болуы, антиретровирустық терапияны бастау және үнемі дәрі қабылдау қажеттілігі, басқа аурулардың қосылуы және дамуы, достарынан айырылу. Физикалық байланыста болудан қашпаңыз, қол алысу немесе құшақтасу - бұл сізге жақын адамға қамқор болуыңыздың ең жақсы дәлелі.
Көбінесе адамдар сүйіктісінің қалай жұқтырғанына қызығушылық танытады. АИТВ-жұқтырған адамның диагнозына бейімделуіне уақыт бөлген жөн. Мүмкін кейінірек оның өзі сіздің шынайылық пен түсініспеншілігіңізге көз жеткізіп, бөліскісі келетін шығар.