09
декабрь 2020
АИТВ және герпес
Қазіргі уақытта АИТВ-мен герпес екі вирустық аурудың өте кең таралған үйлесімі болып табылады. Герпес вирусы ағзаға түскенде, иммун тапшылығы вирусының активаторына айналады. АИТВ-дан туындаған иммундық жүйенің әлсіреуі, герпестің дамуы үшін негіз болып табылады.
АИТВ жұқтырған адамдардағы герпесің сипаттамасы.
Ғылыми зерттеулер барысында герпес вирусының екі түрі анықталды- I және II:
I- бөртпе ауыз қуысының шырышты қабатында және бет терісінде пайда болады. Негізінен герпес еріндерде байқалады. Инфекция көбінесе сүйісу арқылы, жүктілік кезінде немесе босану кезінде анадан балаға берілуі мүмкін.
II- көбінесе жыныс мүшелерінің аймағында пайда болады. Ағза бөліктерін ауыстыру, қан құю, жыныстық қатынас кезінде беріледі.
Герпес инфекциясының ерекшелігі-вирустың бір түрін жұқтырған науқас, басқа түрдегі вирусқа қарсы тұратын иммунитет дамыта алмайды.
Асқынулардың арасында герпестің ми қабығына әсер ету ерекшелігі бар. Мұндай вирус жоғары температурада ( 50°С жоғары) өледі және төмен температурада өмір сүре алады.