11
декабрь 2020
Гепатитке қарсы екпе және ем бар ма?
В гепатитінің вирусынан айырмашылығы, қазіргі уақытта С гепатитіне қарсы екпе жоқ. Алайда ғалымдар осы саладағы зерттеулерді жалғастыруда. Қазіргі уақытта С гепатиті іс жүзінде 96% жағдайда емделеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) атап өткендей, тиімділік бірқатар факторларға, соның ішінде вирустың штаммына және емдеудің түріне байланысты.
Қазір емдеу тиімді және пациенттерге жақсы төзімді жаңа типтегі аралас препараттармен жүргізіледі. Қазір бүкіл әлемде препараттардың тиімділігін арттыру, сондай-ақ терапия курсының ұзақтығын қысқарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Естеріңізге сала кетейік, қазір емдеуге шамамен 12 апта кетеді.