25
декабрь 2020
Медицина қызметкерлері үшін АИТВ-ға экспресс-тест қою бойынша семинар
24 Желтоқсанда зертхана меңгерушісі Ж.К. Фаткулина Ақтөбе медициналық орталығының перзентхана бөлімінің медицина қызметкерлері үшін "АИТВ - ға экспресс-тест қою сапасын сыртқы бақылау" тақырыбында семинар өткізді. Келесі сұрақтар қарастырылды: АИТВ-ға ЭТ қолдану саласындағы НҚА, экспресс тестілеу сайттарындағы биоқауіпсіздік шаралары, саусақтан қан алу техникасы және капиллярлық, жаңа алынған қан, сарысу және плазма көмегімен АИТВ-ға экспресс-тест қою, нәтижелерді есепке алу.
Семинарға барлығы 12 адам қатысты.