Ақтөбеде сілекей арқылы тестілерді қолдана отырып, АИТВ-инфекциясына жедел тестілеу.
18 қаңтарда Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығында биоматериалды (сілекей) жинау және АИТВ-на «OraQuick» жедел-тестін өткізу әдістемесі бойынша практикалық дағдылар жасалды.
Тесттің сапасын тексеру үшін 1:10; 1:20; 1:80 қатынасында 4 кептірілген үлгісінен тұратын панель және бір теріс сынама пайдаланылып, капиллярлық қан арқылы жасайтын «Alere HIV Combo» жедел-тесті параллельді қойылды. Екі тесттің бақылау нәтижелері қанағаттанарлық және бірдей болды. Жаңа тест қызыл иек айналасындағы сұйықтықтықтың (сілекей) көмегімен бұрын теріс және оң АИТВ жұқпасы бар адамдарда сыналды. Осылайша, барлық талаптар, нұсқаулар және дұрыс түсіндірулер сақталса «OraQuick» жедел тестілері АИТВ-ға жедел тест ретінде кеңінен қолданыла алады.