«Рика Тв» телеарнасына сұхбат
ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Ақтөбе облыстық орталығының маманы, алдын алу бөлімінің эпидемиолог дәрігері А.Артықбаева "РИКА ТВ" телеарнасының «Сөзіңіз аузыңызда» бағдарламасында тікелей эфирде сұхбат берді.
Өз сұхбатында ЖИТС ОО маманы 2020 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысындағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтып өтті.
Әр адам өзінің «АИТВ-статусын» тіркелген жері бойынша емханада АИТВ-ға тегін тестілеуден өту арқылы білуге болады, сондай-ақ АИТВ-ға жасырын және тегін тексеру ЖИТС ОО жұмыс істейтін Достық кабинетте жүргізіледі. АИТВ-ның таралуына жол бермеу үшін адамдар осы инфекция туралы хабардар болып, өздерінің АИТВ-мәртебесін білуі тиіс."- деп атап өтті А.Артықбаева.