АИТВ жұқпасының алдын алудағы жаңалықтар
2020 жылдың 26 қаңтарында ЖИТС ОО алдын алу бөлімінің меңгерушісі А.Жайлаубаева "Рика ТВ" және "Ақтөбе"телеарналарына сұхбат берді.
Өз сұхбатында ЖИТС ОО маманы 2020 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысындағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат беріп, мінез-құлқы қауіпті адамдар арасында АИТВ-ның алдын алу саласындағы жаңалықтар туралы айтып берді.
"2020 жылдан бастап біздің орталықтың Достық кабинетінде АИТВ-инфекциясының таралуына қарсы күрестің жаңа тәсілі Қатынасқа дейінгі профилактика (ҚДП) енгізілуде. ҚДП-бұл вируспен байланыста болған жағдайда инфекцияның алдын алу үшін АИТВ-жұқпасы теріс адамдардың антиретровирустық препараттарын қабылдауы. Сондай-ақ, биылдан бастап АИТВ жұқтыру қаупі жоғары адамдар сілекейдің көмегімен АИТВ-ға жедел әдіспен тексеріле алады", - деп атап өтті А.Жайлаубаева өз сұхбатында.