28
январь 2021
Үкіметтік емес ұйымдармен кеңес
2020 жылғы 27 қаңтарда облыстық ЖИТС орталығында ЖИТС сервистік үкіметтік емес ұйымы "Наша жизнь" ҚБ кеңес өтті. Кеңеске қатысушылар АИТВ жұқтыру қаупі бар адамдардың арасында алдын алу бағдарламаларын іске асыру бойынша мәселелерді, қалыптасқан проблемалық мәселелерді, сондай-ақ 90-90-90 мақсаттарға қол жеткізу бойынша шараларды талқылады.
Кеңес барысында сондай-ақ АИТВ жұқтыру қаупі бар адамдарды тарту және қамтуды ұлғайту, Достық кабинет мен Сенім бекетінің жұмысын жақсарту, АИТВ инфекциясына жедел тестілеуді кеңейту бойынша ұсыныстар айтылды.