Көңіл айту
Ақтөбе облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының ұжымы осы орталықтың білікті маманы, Кәсіподақ ұйымының төрағасы Уразов Ардабай Өмірзақұлының кенеттен қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған туыстарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады.
Ардабай Өмірзақұлы 1959 жылы 21-ші наурызда Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы Қаратусай ауылында дүниеге келген. 1986 жылы Ақтөбе медицина институтын дәрігер-терапевт мамандығы бойынша бітіріп шықты. Еңбек жолын Орал қаласындағы клиникалық аурухана дәрігері болып бастады. 1990 -2001 жылдар аралығында Ақтөбе медициналық санитарлық бөлімінде қызмет атқарды. 2005 жылдан бері облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінде дәрігер-эпидемиолог мамандығы бойынша жұмыс істеді. 2012 жылдан бастап осы кезге дейін орталықтағы Кәсіподақ ұйымының төрағасы міндетін атқарды. Ұжымда білікті маман, әртүрлі қоғамдық шаралардың ұйымдастырушысы бола білді. Ардабай Өмірзақұлы білімімен, бастамашылдығымен ұжымның шынайы қадір-құметіне бөленген жан. 2020 жылы Қоғамдық марапаттар жөніндегі Республикалық Кеңестің ұйғарымымен «Медицина саласының үздігі» меделімен марапатталды. Бірнеше Құрмет грамоталарының иегері. Ол ширек ғасыр медицина саласына еңбек сіңіріп, ел игілігі үшін қызмет етті. Марқұмның жатқан жері жайлы, жаны жәнәтта, иманы жолдас болсын. Ардабай Өмірзақұлының жарқын бейнесі мәңгі жүрегімізде қалады.